Жаңа оқу ғимараты — бұл таршылықтан кеңшілікке ұмтылыс. Бұл — дәстүр мен озық ехнология үйлескен, зертханалары мен рухани тәжірибе бөлмелері бар нағыз ғылым ордасы болмақ. Бұл – тар дәлізде қысылған үміттің, кең сарайда қанат жаюы. Жаңа ғимаратта асхана шуы емес, ғылымның тыныштығы салтанат құрып, шәкірттеріміз алаңсыз білім нәрімен сусындайтын болады.