Нұр-Мүбарак» қоғамдық қоры «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің жаңа оқу ғимаратын салуға қайырымдылық қаражатын тарту мақсатында құрылды.
Университет — Қазақстандағы ислам білімінің жетекші орталығы. Мұнда исламтану, дінтану және аударма ісі бағыттары бойынша мамандар даярланады; түлектердің 80 %-дан астамы қоғам игілігі жолында қызмет етіп, діни сауаттылық пен ұлттық құндылықтардың нығаюына үлес қосуда.
Қазіргі оқу ғимараты 700 орынға есептелген, ал бүгінде Университетте 3 300-ден астам студент білім алуда. Жаңа ғимарат оқу алаңдарының тапшылығын жоюға, білім беру бағдарламаларын кеңейтуге және студенттер, оқытушылар мен зерттеушілер үшін заманауи жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Қор әрбір қайырымдылық қаражатының мақсатты жұмсалуына кепілдік беріп, қаржылық есептілікті тұрақты түрде жариялап отырады.