Әрбір үлес — білім беруге, ғылымға және қоғамның рухани дамуына салынған инвестиция
«Нұр-Мүбарак» қоғамдық қоры — Нұр-Мүбарак университетінің дамуына, Қазақстан Республикасының ресми діни білім беру ортасын кеңейтуге және қоғамдық-ағартушылық жобаларды жүзеге асыруға бағытталған қор.
Исламдық және заманауи білімді дамытуға қажетті жағдай қалыптастыру, Нұр-Мүбарак университетінің білім беру мүмкіндіктерін кеңейту және қоғамға пайдалы жобаларды тұрақты жүзеге асыру.
Қазақстан мен Мысырдың рухани және білім беру саласындағы стратегиялық ынтымақтастығының нәтижесінде құрылған жоғары оқу орны.
Бүгінде Нұр-Мүбарак исламтану, дінтану, аударма және гуманитарлық бағыттар бойынша мамандар даярлап, Қазақстандағы діни және ғылыми білім беру жүйесінің маңызды орталықтарының біріне айналды.
Миссиясы — сапалы білім беріп, білікті мамандар даярлау және қоғамның ғылыми, діни‑рухани әлеуетін арттыру.
Жаңа ғимараттың құрылысы оқу орындарының мүмкіндігін кеңейтіп, студенттерге заманауи білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған.
Жаңа оқу ғимараты 9 қабаттан тұрады және 10 000 студентке дейін білім алуға мүмкіндік береді.
Ғимаратта оқу, зерттеу, шығармашылық және студенттік жұмыстарға арналған заманауи кеңістіктер қарастырылған.
Білім мен құндылықтарды бір алаңға жинаймыз
Қор ұйымдастыратын форумдар — қоғамдағы маңызды тақырыптарды талқылауға, мамандар мен спикерлердің тәжірибесін бөлісуге және қатысушыларға пайдалы білім беруге арналған ашық алаң.
Форумдарда отбасы, әйел, тәрбие, руханият, білім және қоғам мәселелері қозғалады.
Әйелдің отбасы, рухани дамуы, өзін-өзі тануы және қоғамдағы рөліне арналған форум.
Жобалардан түскен барлық қаражат Қордың жарғылық мақсаттарына және Нұр-Мүбарак университетінің дамуына бағытталады.
Онлайн білім беру платформасы
NM Academy — діни және рухани білімді онлайн форматта меңгеруге арналған білім беру платформасы.
Платформада Құран оқу, тәжуид, ақида, фиқһ, ислам тарихы және араб тілі бағыттарында сабақтар ұсынылады.
Құран курсы64 сабақ · 108 тест YouTube арнамызда діни-ағартушылық және білім беру бағытындағы контент тұрақты жарияланады.
Мақсатымыз — сапалы білім мен пайдалы ақпаратты кең аудиторияға қолжетімді ету.
Бұл жобаны бірге жүзеге асырып келеміз
Қордың жобаларына жеке тұлғалар, кәсіпкерлер, ұстаздар, блогерлер, компаниялар мен ұйымдар қолдау көрсетіп келеді.
Қолдау қаржылай ғана емес. Құрылыс материалдары, жабдық, жиһаз, ақпараттық қолдау және кәсіби көмек те жобалардың жүзеге асуына үлес қосады.
Қор ашықтық және есеп берушілік қағидаттарын ұстанады.
Түскен қайырымдылық қаражаты, шығыс бағыттары және құрылыс барысы туралы ақпаратты тұрақты түрде жариялаймыз.
Қордың қаржылық қызметі тәуелсіз аудиттен өтеді.
«Нұр-Мүбарак» сертификаты — қайырымдылық жасаушының Университеттің жаңа оқу ғимаратын салуға қатысқанын растайтын атаулы құжат.
Қордың жұмысын бірінші болып біліңіз
Қордың барлық маңызды жаңалықтары ең алдымен әлеуметтік желілерімізде жарияланады.
Құрылыс барысы, жаңа жобалар, форумдар, білім беру контенті, іс-шаралар және қор жаңалықтары — барлығы жедел әрі тұрақты түрде біздің әлеуметтік желілерде.
Қор компанияларды, ұйымдарды және жеке серіктестерді Университеттің жаңа оқу ғимаратын салуға қатысуға шақырады.
Серіктестік форматтары
Серіктес болу
Реквизиттер