«Бақытты әйел формуласы»
Әйелдің отбасы, рухани дамуы, өзін-өзі тануы және қоғамдағы рөліне арналған форум.
Жобалардан түскен барлық қаражат Қордың жарғылық мақсаттарына және Нұр-Мүбарак университетінің дамуына бағытталады.
«Нұр-Мүбарак» қоғамдық қоры — Орталық Азиядағы ең ірі ислам университетінің дамуына және елдегі сапалы діни білімді кеңейтуге көмектесетін қор.
10 000 студенттің заманауи әрі жайлы корпуста білім алуына жағдай жасау.
Заманауи ғылым мен исламдық білімді қатар меңгерген білікті мамандар даярлау.
Елге, руханиятқа және жастар тәрбиесіне пайдалы жобаларды тұрақты жүргізу.
Қазақстан мен Мысырдың рухани және білім беру саласындағы стратегиялық ынтымақтастығының нәтижесінде құрылған жоғары оқу орны.
Бүгінде Нұр-Мүбарак исламтану, дінтану, аударма және гуманитарлық бағыттар бойынша мамандар даярлап, Қазақстандағы діни және ғылыми білім беру жүйесінің маңызды орталықтарының біріне айналды.
Миссиясы — сапалы білім беріп, білікті мамандар даярлау және қоғамның ғылыми, діни‑рухани әлеуетін арттыру.
Жаңа ғимараттың құрылысы оқу орындарының мүмкіндігін кеңейтіп, студенттерге заманауи білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған.
1993 жылы ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мысыр еліне алғашқы ресми сапарын жасады. Египет Араб Республикасының президенті Хұсни Мүбаракпен кездесу барысында тәуелсіздікке жаңа қол жеткізген Қазақстанға «ерекше сый» ретінде үлкен қолдау көрсетілді. Қос президент Мысыр елінің қолдауымен Қазақстанда Ислам орталығын салу туралы маңызды келісімге қол қойды. 1993 жылы 16 маусымда Алматы қаласында Президент Н.Ә. Назарбаев пен ЕАР Уақыфтар министрі Мұхаммед әл-Махжуб болашақ Ислам орталығының іргетасын қалады. Бұл бастама Қазақстан мен Мысыр арасындағы рухани байланыстарды нығайтушы Ислам орталығы ғана емес, болашақ ислами университеттің іргетасы болды.
2001 жылы 30 мамыр мен 1 маусым аралығында Египет Жоғары дін істері кеңесінің дәстүрлі конференциясына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі бастаған делегация арнайы шақыртумен барды. Кездесуде жаңа оқу орны жарғысының жобасы мақұлданды. Жарғыны дайындау жұмыс тобына Египет тарапынан Каир университетінің профессоры М.Ф. Хизажи, Мұсылман университеттері лигасының Бас хатшысы Жаппар Абду Салам Әли, профессор Хасан Хамид тартылды.
2001 жылы 18 маусымда Алматы қаласында екі ел үкіметі арасындағы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті туралы келісімге қол қойылды. Қазақстан үкіметі атынан ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед, ЕАР үкіметі тарапынан Уақыфтар министрі Махмұд Хамди Зақзұқ қол қойды. Келісімге сай университетке жалпы басшылық жасау үшін Қамқоршылық кеңесі құрылды. Отырыста ректор болып академик, профессор Махмұд Фаһми Хижази, проректор болып филология ғылымдарының докторы Шамшәдин Керім тағайындалды.
2001 жылдың тамыз айында алғашқы қабылдау емтихандары өтіп, түрлі өңірден келген 56 талапкер таңдалды. Нұр-Мүбарак университетінің ашылуымен ҚМДБ жанындағы Ислам университеті жабылып, оның төрт египеттік оқытушысы мен 20 студенті жаңа университетке ауыстырылды. 1 қыркүйектен оқу ордасында алғашқы дәрістер басталды.
2004 жылы 27 наурызда ҚР Білім және ғылым министрі Жақсыбек Құлекеев университетке арнайы келіп, тыныс-тіршілігімен танысты. Кездесу нәтижесінде министр жаңа оқу корпусының жобасын Бас сәулет академиясының басшылығына тапсырды. Сол жылы университет мемлекеттік аттестациядан өтті және алғашқы түлектерге мемлекеттік үлгіде диплом берілді. 2006 жылы 13 наурызда Алматыда Қамқоршылық кеңесінің екінші отырысы өтіп, университет құрылысының екінші кезеңге жалғасуы туралы шешім қабылданды.
2006 жылы 13 қыркүйекте Алматы қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов ЕАР-дан келген әл-Әзһардың ұлық имамы ас-Саид ат-Тантауи мен Уақыфтар министрі Махмұд Хамди Зақзұқты қабылдады. 14 қыркүйекте мысырлық құрметті қонақтар университеттің тыныс-тіршілігімен танысып, студенттермен кездесті.
2009 жылы жаңа оқу ғимаратының құрылысы басталып, 2011 жылы пайдалануға берілді. Жалпы көлемі — 6 918,6 шаршы метр.
2011 жылы 22 қазанда Президент Нұрсұлтан Назарбаев оқу орнына келіп, университеттің тыныс-тіршілігімен танысты.
2016 жылы 2 маусымда университеттің 15 жылдық мерейтойына арналған «Ислами білім беру орындары және олардың жаңсақ түсініктерді түзетудегі рөлі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілханов, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, ЕАР Уақыфтар министрі профессор Мұхаммад Мұхтар Жұма, ЕАР мүфтиі профессор Шауқи Ибраһим Әллам қатысты.
2018 жылы мамырда Ұлттық рейтинг бойынша Нұр-Мүбарак университеті Қазақстанның ТОП-20 үздік жоғары оқу орындары қатарына енгені жарияланды. Тәуелсіз аккредитация және рейтинг агенттігінің жалпы рейтингіне 58 жоғары оқу орны өтінім берген. Рейтингте білім беру сапасы, түлектердің жұмысқа орналасуы, оқытушылар мен студенттердің академиялық мобильділігі, ғылыми зерттеулердің бәсекеге қабілеттілігі ескерілді.
2018 жылы 9 қыркүйекте ЕАР астанасы Каир қаласында университеттің Қамқоршылық кеңесінің кезекті мәжілісі өтті. Кеңес ректор лауазымына профессор Мұхаммад әш-Шаххат әл-Жиндиді, ал проректорлыққа PhD доктор Қайрат Құрманбаевты тағайындады.
2024 жылы 10 қыркүйекте Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында университет Қамқоршылар кеңесінің кезекті тоғызыншы отырысы өтті. Жиынға Қазақстан тарапынан Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Мысыр тарапынан Уақыптар министрі шейх Усама әл-Әзһари мен Мысыр мүфтиі Назир Аяд қатысты. Отырыста ректор болып PhD доктор, профессор Ахмед Хусейн Мухаммад Ибраһим, проректорлыққа PhD доктор Ершат Ағыбайұлы Оңғар тағайындалды.
Жаңа оқу ғимараты 9 қабаттан тұрады және 10 000 студентке дейін білім алуға мүмкіндік береді.
Ғимаратта оқу, зерттеу, шығармашылық және студенттік жұмыстарға арналған заманауи кеңістіктер қарастырылған.
Білім мен құндылықтарды бір алаңға жинаймыз
Біздің форумдар — отбасы, тәрбие, руханият және білім тақырыптарында сарапшылармен тәжірибе бөлісетін ашық білім алаңы.
Әйелдің отбасы, рухани дамуы, өзін-өзі тануы және қоғамдағы рөліне арналған форум.
Жобалардан түскен барлық қаражат Қордың жарғылық мақсаттарына және Нұр-Мүбарак университетінің дамуына бағытталады.

Пайызсыз ақша қалай жұмыс істейтіні туралы 4,5 сағат — өз ипотекаңыз, бизнесіңіз бен жинағыңыз мысалында. Қарапайым тілмен, не жұмыс істейтінін, не әзірге жұмыс істемейтінін адал талдаймыз.

Білім мен қайырымдылық — бір қосымшада
Nur+ — діни-ағартушылық контентке, онлайн сабақтарға және қайырымдылық мүмкіндіктеріне қол жеткізуге арналған мобильді қосымша.
Қосымша арқылы:
Бұл жобаны бірге жүзеге асырып келеміз
Қордың жобаларына жеке тұлғалар, кәсіпкерлер, ұстаздар, блогерлер, компаниялар мен ұйымдар қолдау көрсетіп келеді.
Қор ашықтық және есеп берушілік қағидаттарын ұстанады.
Түскен қайырымдылық қаражаты, шығыс бағыттары және құрылыс барысы туралы ақпаратты тұрақты түрде жариялаймыз.
Қордың қаржылық қызметі тәуелсіз аудиттен өтеді.
«Нұр-Мүбарак» сертификаты — қайырымдылық жасаушының Университеттің жаңа оқу ғимаратын салуға қатысқанын растайтын атаулы құжат.
Қордың жұмысын бірінші болып біліңіз
Қордың барлық маңызды жаңалықтары ең алдымен әлеуметтік желілерімізде жарияланады.
Құрылыс барысы, жаңа жобалар, форумдар, білім беру контенті, іс-шаралар және қор жаңалықтары — барлығы жедел әрі тұрақты түрде біздің әлеуметтік желілерде.
Қор компанияларды, ұйымдарды және жеке серіктестерді Университеттің жаңа оқу ғимаратын салуға қатысуға шақырады.
Серіктестік форматтары
Серіктес болу
Реквизиттер










